Санкт-Петерборда жыныстық қатынас кезінде 29 жастағы бойжеткен мүшеқапқа тұншығып қайтыс болды. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары сот медициналық сараптамасына сілтеме жасап жазды.
Оқиға Үлкен Пушкарская көшесіндегі 35-үйдің подьезінде болған. Сексуалды қызметтен кейін жезөкшенің тыныс алу жолдары бітеліп қалған. Десе де, қыз жедел-жәрдем келгенше дем алуын жалғастырыпты.
Құқық қорғау қызметкерлері алғашында түнгі көбелектің өліміне төсек қатынасындағы серіктесі кінәлі болуы мүмкін деп күдіктенген. Алайда, сот медициналық сараптамасы барысында қыздың мүшеқапты абайсызда өзі жұтып қойғаны белгілі болды.
Дереккөз: Life.ru