$ 494.87  520.65  4.91

Көңіл көтеру кешінен қашып, терезеден секірген жігіт қоршаудағы үшкір темірдің үстіне құлады

Гарлемде (Нью-Йорк) түн ішінде спирттік ішімдікке тойып алған жігіт көңіл көтеру кешінен қашпақ болып, терезеден секіріп кетті. 27 жастағы Элизео Альварадо-Гонсалес төменде жатқан үшкір темірлердің үстіне құлаған деп жазады New York Post.

Ал, оған көмектеспек болған 31 жастағы досы Селсо Гузман Риос пен оның жолдастары жағдайды мүлдем ушықтырып жіберді. Олар Элизеоны ілініп қалған темірден шығару үшін бір-бірін жұмсап, ақыр соңы төбелеске ұласқан. Төбелес кезінде бір жігіт екіншісінің басын шөлмекпен ұрып жарды.

– Біз достарымызбен сыра алуға сыртқа шыққанбыз. Қоршаудағы темірге ілінген досымызды көре сала мен жан даусыммен айқайладым, – дейді куәгер Селсо Гузман Риос.

Достарының айтуынша, Элизео кеште өте қатты шу шығарып, басқалардың мазасын ала бастаған. Содан кейін кетемін деп, терезеден шығуға шешім қабылдапты.

Құтқарушылар Элизеоның жанын алып қалу үшін қоршау темірлерін арнайы кесіп алған. Кейін жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген оны дәрігерлер операцияға дайындап, жансақтау бөліміне жатқызды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары