$ 494.87  520.65  4.91

Қостанай облысында 3 жасар қызын өрттен құтқармақ болған әке ажал құшты

Қостанай облысында жер үйлердің бірінен өрт шығып, салдарынан ерлі-зайыпты екі адам қайтыс болды деп жазады alau.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 15 қаңтар күні Меңдіқара ауданында орын алған. Отағасы жұмыстан үйіне келіп, баспананың отқа оранғанын көрген де, дереу әйелі мен қызын құтқару үшін ішке қарай бас салған. Ол үш жасқа әлі толмаған кішкентай қызын құтқарғанымен, әйелін және өзін өлімнен құтқара алмады.

"Ер азамат кішкентай қызын құтқара алды. Алайда, әйелін құтқармақ болғанда өзі де ажал құшты. Өрттің себебі әлі белгісіз. Қазір оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр және жалынның неден тұтанғанын анықтайтын болады. Өкініштісі, кішкентай сәби тұл жетім қалды", - дейді ТЖД мамандары.

Құтқарушылар жергілікті тұрғындарды барынша абай болуға, пеш жаққанда қауіпсіздік техникасын сақтауға шақырып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары