$ 494.87  520.65  4.91

Ресейлік кәсіпкерді баласымен бірге көлігінде пышақтап кеткен (ВИДЕО)

Орынборда (Ресей) жеке кәсіпкерді баласымен бірге көлігінде пышақтап кетті деп жазады life.ru.

Бүгін таңертең Қарағанды көшесінің ауласында Toyota Land Cruiser автокөлігінде бірнеше жерінен қатты пышақ жарақатын алған әкесі мен ұлының өлі денесі табылды.

Жергілікті журналистер адам шошырлық оқиғаны әлеуметтік желіге жариялады.

Орынборлық полицейлер күшейтілген режимде тексеріс жүргізіп жатыр. РФ ҚК 105 «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер осы іске қатысты қандай да бір жағдайға куә болған жергілікті тұрғындарды өздеріне хабар беруге шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары