18.01.2018, 11:38

Жолдасымен бірге әйелін зорлаған астаналыққа сот үкімі шықты

Елордалық қылмыстық істер жөніндегі сотта жабылып зорлау құрбаны болдым деп мәлімдеген 26 жастағы келіншектің ісі бойынша сот үкімі шықты.

Күдіктіге ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігі 3-тармағы ("Зорлау") бойынша айып тағылды. Сот отырысы жабық тәртіпте өтті. Сот сотталушыны кінәлі деп тауып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын барынша қауіпсіздендірілген колонияда өтейді.

Еске салайық, Астананың 26 жастағы тұрғыны өткен жылдың жазында азаматтық некедегі күйеуі мен оның досынан зорлық көркенін мәлімдеген болатын. Әйелдің айтуынша, бұл қылмыс алдын ала жоспарланған. 

"Мені жабылып зорлады. Өмірім үшін қорықтым да, үшінші қабаттан секіріп кеттім. Оқиға жалдамалы пәтерде болды. Олар оқиғаны видеоға түсіріп тұрды. Олар өлтіріп, көміп тастайтынын айтып, қорқытты. Сондықтан мен секіріп кеттім", – деген еді 26 жастағы Саина. 

Дереккөз: Tengrinews.kz