$ 494.87  520.65  4.91

Ж.Журинская: «Баянның қыздары болғандықтан ауыр сөйлемесе де, үлкен кісілер төсекке, тоқал болуға шақыратын...»

Tengrinews порталындағы The Эфир жобасына сұхбат берген танымал актриса Жания Журинская отандық шоу-бизнестегі өмірі жайында, өзін тоқалдыққа шақырған "ағалары" жайында айтып берді.

Айта кетейік, Жания Баян Алагөзова (бұрынғы Баян Есентаева) құрған «Shine» триосының бір мүшесі болып, алғашында әнші болған. Киноға түсуге кейінірек келді. Өнер жолына алғаш келгенінде оған қалталы азаматтардан тоқал болуға ұсыныс түсіпті.

– Кезекті бір ішпыстырарлық жиында ән айтып тұрдым, мас ағалардың алдында...
– Ағалар саған қырындайтын ба еді?
– Әрине. Баян Мақсатқызының қыздары болғандықтан бізге тым ауыр сөздер айтпайтын, бірақ төсекке тарту өз алдына, тоқал болуға, көңілдес болуға шақыратындар көп болды.
– Қалай қабылдадың?
– Алғашында өкіріп жылайтынмын. Кейін сол кездегі директорымыз жұбатып, түсіндіріп айтқан соң мұндай ұсыныстарды жүрегіме жақын қабылдамайтын болдым.

Жания сондай-ақ, күйеуге шығып, отбасын құрудан да қатты қорқатынын жасырмай айтты.

– Мен отбасын құруға қорқып қалдым. Ұсыныс тастағандар көп. Бірақ, әлі дайын емеспін, – деген Жания өз қиялындағы жігіттің сұлбасын сызып берді. – Маған қолына күрек ұстаған, қарулы азаматтар ұнайды. Көлігімен анамды базарға апарып, әкеле салатын, менің сөзімді жерге тастамайтын, әкеме ұқсаған ер азамат керек, – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары