$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбеде өртенген автобустан 44 адамның мәйіті шығарылған

ҚР ІІМ вице-министрі Ерлан Тұрғымбаевтығ айтуынша, кеше Ақтөбе облысында өртеніп кеткен автобустың ішінен әзірге тек 44 адамның мәйітін сыртқа алып шығу мүмкін болыпты. Жан түршігерлік жол апатынан барлығы 52 адам қайтыс болған еді. Қазіргі таңда апат болған жерде мамандар жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Қазіргі таңда 44 адамның мәйіті шығарылды. Автобустың іші өртке оранып, адамдар жанып кеткендіктен, марқұмдардың кім екенін сырт көзбен анықтау мүмкін болмай отыр", - деді министрдің орынбасары.

Оның айтуынша, мәйіттер Ақтөбе қаласындағы мәйітханаға жеткізілуде. 19 қаңтардан бастап олардың кім екенін анықтау жұмыстары басталады.

Ал, облыстық әкімдік болса марқұмдардың туыстарына қолдан келген көмекті көрсетуге дайын екендіктерін, тіпті, қайтыс болған азаматтардың денелерін елдеріне дейін жеткізіп бере алатындарын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары