Таиландта анасы балаларын смартфонға тәуелділіктен арылтудың ерекше әдісін тапты. Ол балаларының әрекетін видеоға түсіріп алған деп жазады Stan.kz.
«Балаларымның қолынан телефон түспейтін. Мен телефонның экранының негізгі бетіндегі суретті өзгертіп тастадым. Енді балаларым телефонмен ойнаудан қорқады», – деп жазды әйел видео астына.
Видео кадрларынан әйелдің балаларына телефонды ұсынып, ойнап көрулерін сұрағаны байқалады. Алайда, балалары телефонды қолына алғысы да келмейді. Мұнан кейін кенжесі анасының айтқанына көніп, телефонды алады. Экрандағы қорқынышты суретті көрген ол жылап қалды.