$ 498.34  519.72  4.85

Қарағандылық жастар -30 градус суықта жалаңаш жүгіріп жүр

Саршұнақ аязда жалаңаш жүруді  сәнге айналдырғандар да бар. Әлеуметтік желіде флешмоб ұйымдастырған жастар -30 градус суықта жеңіл киіммен жүруге шақырады. Ең қызығы, жалаңаштанып жүгіруді жарыса қолдаушылар көп деп мәлімдейді 31 арна.

Қақаған қыста қарағандылық жастар жалаңаштануды бастады. Шарт бойынша тек шолақ шалбар мен жеңсіз көйлекпен ғана көшеге шығу қажет. Дүкен кезіп сауда жасауы да міндетті тұстардың бірі. Онысын бейнекамераға түсіріп, келесі жолдасына жолдау керек. 

 “Орнатылған қашықтық жоқ. Алыста тұрған магазинге бару керек. Және де эстафетаның басты шарты ол бір күнде орындалу керек”, – дейді Қарағанды қаласының тұрғыны Нұрбек Ахметов.

Аяздың өзін елемей ермек қылған жастардың әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Сақылдаған сары аязда жалаң бас, жалаң бұт жүрген жастар абырой болғанда ауырмапты. Ал мына суретте бір арудың қара санын қара суық қарып кеткені аңғарылады. Оның бұл флешмобқа қатысы бар-жоғы белгісіз. Белгілісі дәрігерлер бұл бастаманы құптамайды. Жастық жалынмен бүгін білінбегенмен аяз өтінде жүру тоқсан түрлі ауруға түрткі болатынын ескертеді.

 “Тыныс алу жолдарын, өкпе қабынуын терінің құрғап қабыршақтанып кетуіне әкеп соғады. Сондықтан жеңіл желпі жүрмей, жылы жүрсеніңіз дұрыс болады”, – дейді дәрігер Ләйлә Инкарбекова  

Бұл әрекетті дәрігерлер «боранды күні ит пен бала құтырадының» кері деп балады. Ит демекші. Ит жеккенде қатпайтын үй жануарын Астананың сарышұнақ аязы сірестірмей қатырыпты. Ал мына кадрда ор қоян қоршаудан орғып өте алмай үсіп қалыпты. Осылайша иттің өзін жемтігіне, ықтап келген қоянды қораға жеткізбей қатырған аяз жастарға сабақ болса игі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары