Астана қаласының ІІДқала тұрғындары мен қонақтарына көктайғақ кезінде жолда сақ болуды ескертеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің сайты.
Көктайғаққа байланысты мамандар жаяу жүргіншілерге бірнеше сақтану шарасын ұсынуда: әр қадамыңызды нық әрі абайлап басып, сақ жүріңіз; көлік алдынан жүгіріп өтпеңіз, аяғыңыз тайып құлап қалуыңыз мүмкін. Жолдан өту кезінде жаяу жүргіншілерге арналған арнайы белгі немесе бағдаршаммен жабдықталған жерлермен өтіңіз.
Ал, көлік тізгіндеген жүргізушілерге жол қозғалысы барысында өте сергек болуды және қала ішіндегі жолдарда жылдамдықты сағатына 60 шақырымнан 50 шақырымға төмендетіп, мүмкіндігінше баяу жүруді ұсынады.