$ 498.34  519.72  4.85

Н.Назарбаев әуежайына барар жолда жас қызды көлік қағып өлтірді

Астанада бүгін таңертең қайғылы жол апаты болды. Нұрсұлтан Назарбаев әуежайына барар жолда жоғары жылдамдықпен келген Hyundai Accent автокөлігі жасөспірім қызды әкесінің көз алдында қағып, мерт қылған.

Елордалық ішкі істер департаменті хабарлағандай, жол апаты таңғы 08.40 кезінде "Авиатор" аялдамасы жанында болыпты.

"Hyundai Accent жүргізушісі Қабанбай батыр көшесімен әуежай жақтан келе жатып, бағдаршамсыз жаяу жүргіншілер өткелінде қызды қағып кетті, қыз жолды тиісті жерден кесіп өтіп бара жатқан болатын. Зардап шегуші алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды", — деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

Жол апатына куә болған тұрғындар қыздың 9-сыныпта оқитынын айтуда. Оны әкесінің көз алдында қағып кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары