$ 448.15  483.46  4.86

Экс-жезөкше: «12 жасар қыздар секс-индустрия туралы ақыл сұрап келетін болған»

Бұрын жезөкше болып жұмыс істеп, бүгінде танымал жазушыға айналған америкалық Гвинет Монтенегро секс-индустрияның тым жасарып бара жатқанын айтып дабыл қақты. Оның сөздерін The Independent басылымы жариялаған.

Гвинеттің айтуынша, оған 12 жасар қыздар келіп, секс-индустрия нарығында қалай сәтті жұмыс істеу керектігін сұрайды екен. Ол мұның бәріне қазіргі қоғам мен БАҚ өкілдерін кінәлайды. Әлеуметтік желілерде порноактрисалар мен жезөкшелердің жарнамалары да жас қыздардың осынау салаға деген қызығушылығын арттырады дейді ол. Сондықтан, журналистер жезөкшелердің проблемаларын, олардың ауыр жұмысы туралы көбірек жазуы тиіс деп есептейді ол. Сонда ғана жастардың бұл кәсіпке қызығушылығы төмендейді-мыс.

Оның айтуынша, жезөкшелердің өмірі шындығында көпшілік ойлағандай ауырдың үсті, жеңілдің асты емес. Тәнін сататындар жиі соққыға жығылып, психикалық ауруларға шалдығып жатады екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары