Шымкентте тағы бір қалталы азамат үйлену тойында дастарханына 150 келі тартатын торт қойды.
Тәттінің видеосын желіге GoLD MeTIS атты youtube қолданушысы жүтеген. Онда 7 бірдей даяшы столдағы тортты дөңгелей екі жасқа апара жатады.
«150 келілік торт. Жігіттер әншейін рөл ойнап келе жатқан жоқ. Зорға көтеріп келе жатқан жайы бар», – деді той басқарушы асаба жігіт.
Еске салайық, өткен айда шымкенттік олигархтың өткізген тойында құны 59 млн теңге болатын торт қойылған. Желіде бұл тәттінің бағасын жұрт көпке дейін қызу талқыланған еді.