$ 494.87  520.65  4.91

Оралда болған жантүршігерлік жол апатынан 2 адам қайтыс болды (ВИДЕО)

Оралда ауыр жүк көлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысып, салдарынан 2 адам қайтыс болды деп жазады "Мой Город". Оқиға кеше сағат 16:00 шамасында Желаев тас жолының бойында "Питстоп" жанармай бекетіне жақын маңда болған.

Орал қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Мүслім Жәрдемовтің мәліметінше, автобус Трекино ауылынан қалаға қарай келе жатқан екен. Жүк көлігі болса қарама-қарсы бағытта жолға шыққан. Апаттың болуына кімнің кінәлі екені әлі анықталып жатыр.

Ал, БҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрдәулет Беркінғалидің айтуынша, апат болған кезде бір жолаушы әйел тіл тарпай кеткен. "Ал, жедел жәрдем бригадасы келген сәтте тағы бір ер азамат қайтыс болды. Олардан өзге жеті адам түрлі дене жарақаттарын алған. Араларында кәмелетке толмаған балалар да бар. Барлығына медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары