02.02.2018, 12:11

Стамбулда қазақ скрипкашысы Әлім Алмат қайтыс болды

Қазақ скрипкашысы ретінде танылған этникалық қазақ Әлім Алмат (Ғалымжан Әбсәләмов) Стамбулда 2 ақпан күні 101 жасқа қараған шағында дүние салды деп жазады Азаттық. Бұл хабарды марқұмның Ақтөбеде тұратын туысы Роман Рахиев жеткізген.

- Бізге хабар бүгін таң алдында келді. Ақтөбеден Стамбулға тікелей рейс болмағандықтан, жаназасына үлгере алмаймын. Сондықтан Әлім Алматтың ұлы Төреге қоңырау шалып, көңіл айттым. Марқұмды ақтық сапарға 3 ақпан күні жөнелтеді, - деді Роман Рахиев.

1917 жылы Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында дүниеге келген Ғалымжан Әбсәламов Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түсіп, Еуропа елдерін паналады. Кейін Түркияға келіп тұрақтаған. Есімі мен тегін де совет үкіметінің қудалауынан сескеніп, сол кезде өзгертеді.