$ 494.87  520.65  4.91

Өскеменде 15 және 16 жастағы екі қыз арақ ішіп, үйлерін өртеп жіберген

Өскеменде 2002 және 2003 жылғы екі жасөспірім қыз туыстарының үйін байқаусызда өртеп жіберген. Бұл туралы ШҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Қалалық төтенше жағдай басқармасының хабарлауынша, оқиға ақпанның 3-інен 4-іне қараған түні болған. Жасөспірімдер туыстарының Ертіс көшесіндегі жер үйіне кілтін ұрлау арқылы кірген. Өзгенің шаңырағын өз үйіндей көрген жеткіншектер түні бойы ішімдік ішеді. Бұл әрекеттің соңы төтенше оқиғаға ұласып, көршілері өрт сөндірушілерді шақырған. Құтқарушы жасақ келгенде үйдің шатыры түгел жанып кеткен болатын. 25 шаршы метрге жайылған отты сөндіру үшін арнайы жасақ 30 минут арпалысыпты. Өрт сөндірушілер жетіп үлгергенше Игорь есімді тұрғын жасөспірімдерді қауіпсіз жерге алып шығып, жедел жәрдем көлігіне тапсырған. Құтқарушы өзінің толық аты-жөнін білгісі келгендерге тегін айтудан бас тартыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары