Шетелдіктермен жүрген қазақ қыздарын көрсе бірден шүйлігетін Жәнібек Иманмәзір есімді азамат заңға қайшы да әрекет етіп жүр. Соңғы рет ол өзінің Фейсбуктегі парақшасында көлікте өзге ұлтың өкілімен отырған қызды біреудің жұлқылап жатқанын көрсететін видео жариялаған еді. Бірқатар желі қолданушылары бұған наразылық білдірді. Тіпті сотқа беру керек деп жатқандар бар.
Caravan.kz медиа-порталының тілшісі Жәнібек мырзадан оның таңдап алған жолы, күресі жайлы өзінен сұрап көрді. - Қызды жұлқылаған видео менікі емес. Оны танымаймын. Бұл видеоны көшіріп, өз парақшама салдым. Жалпы қызды жұлқылау аз ғой. Соны да сөз қылғаны ма, таң қаламын. Ол - қыздың аздап болса да есін жыйдыратын массаждың бүр түрі. Оны қойшы, Кавказда басын алады. Сондықтан Кавказ қыздары өз орнымен жүреді, жезөкшелікпен айналыспайды. Оларда мүлдем жоқ. Арабияда жұрт жабылып таспен атып өлтіреді. Оларда да жезөкшелік атымен жок. Ал бізде жезөкше миллион ғой. Мен көшедегі қыздарға екі жарым жылдай ұрып-соқпай, жұлқыламай мәдениетті түрде айтып келдім . Еш өзгермеді. Қайта маған «иди н...й» дейді. Ғаламтордағы маған қарсылардың сауаты жоқ немесе жезөкшелермен байланысы бар деп ойлаймын. Мен барлықтарыңыздың қыздарыңыз бұзылмасын деп күресудемін. Ертең мені қамаса бітті, жезөкше атаулы одан сайын қаптайды. Шетелдіктер тек қазақ қыздарды ғана емес орыс, украин, ұйғыр, өзбек қырғыз, кәріс, тағы басқа ұлттардың қыздарын бұзып жатыр. Мені интернетте сутенерлер мен жезөкшелер "Хулиган и нацист" деп халықтың жартысын маған қарсы қойып жатыр. Бұлар құпия мафия. Сауаты жоқ, ақылы тар намыссыз қарапайым адамдар сол мафия жақ боп кетті. Бірақ олар өздері де не айтып отырғанын білмейді. Маған ұлтка бөлінбе дейді намысыздар. Ертең қараңыз, егер мен жеңілсем, онда қытайдың 150 млн бойдақ жігіті Қазақстандағы кез келген ұлттың қыздарын ұстайды. Қытай мафиясы өте күшті. Ертең маған қарсы болған намысыздардың қыздарын қытай мен түріктер пайдаланады. Ертең қытай мен түрікке қарсы болсаң сотталасыз. Заңды өзгерту керек. Қазір көшеде шетелдікпен жүрген қыздардың көбі өтірік неке жасап алған. Олар жезөкше. Өтірік хиджап киіп жүре береді. Қыздарыңыз болса ойланыңыздар. - Сонда билікке аралас некеге тыйым салу туралы ұсыныс айтпақшысыз ба? - Иә, ойда бар.Тек қазаққа. Аралас некені колдайтындар жезөкшелерді қолдайды - Түрлі видеолар жариялағы бері органдағы адамдардан қысым жасалып жатқан жоқ па?
- Қысым әзірше жасалған жок. Себебі, қарапайым орган адамдардың бәрі мені қолдайды. Содан кейін ғой биліктегі мафия не істерін білмей отыр деп ойлаймын. Мені қолдайтъндар миллиондар. Мені қолдайтындар тек намысы бар таза адамдар екен. - Жалпы шетелдіктермен жүрген қазақ қыздарына жиі кездесіп қалатын сияқтысыз, оларды әдейі іздеп жүресіз бе, әлде кездейсоқтық па? - Әдейі іздеймін. Сосын қалай тоқтата аламын деп анализ жасаймын. Бара-бара жолы табылар. Жата берсек түк шықпайды. Қан бұзылып жатыр. - Сізге ақыл-кеңес беретін адамдар да бар шығар - Фейсбукте бар. Бірақ олардың айтқанын онсыз да білемін. Жатқан адам жақсы білмейді. Жүріп отқа түсе берген адам көп нәрсе біледі. Көпті көрген біледі. Жүре берсең, көре бересің. Үнсіз отыра берсек, ертең қыздарымыздан айырыламыз. Онсыз да қазақ аз халық. Қызға қырық үйден тыйымды қолға алу керек. Естеріңізге салсақ, еліміздегі заңгерлердің бірі БАҚ беттерінде аралас некеге қатысты Қазақстан Конституциясы бойынша әр адамның жеке өміріне қол сұғуға ешкімнің қақысы жоқ екенін және қазақ қыздарының қамын жеп жүрмін деген азаматтың заң алдында жазаға тартылуы мүмкін екенін ескерткен болатын. Ал Жәнібек Иманмәзір мырза заңгердің сөзінен кейін күресін жалғастыра бере ме, жоқ па, ол жағын ашып айтпады.
Дереккөз: "Атамның басы-ай"