$ 449.58  486.94  4.86

ОҚО-да суға кеткен 7 жасар сәбидің денесі әлі табылмай жатыр (ВИДЕО)

Оңтүстік Қазақстанда 7 жасар бала іздестіріліп жатыр. Шәуілдір ауылының тұрғыны Мирас Өркенұлы Арыстағы қатқан мұзда ойнаймын деп, осы өзенге түсіп кеткен. Іздеу жұмыстарын жүргізіп жатқан құтқарушылар, полиция мен ауыл тұрғындары баланы тірідей табудан күдерін үзіп, енді денесін табудан үмітті деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Өзен жағалауы биіктігі 60 сантиметрлік плиталармен қоршалса да, одан асып түскен жеткіншектер мұзға сырғанамақшы болған. Алайда, өзеннің кей тұсында мұз дұрыс қатпай 1-ші сынып оқушысы суға құлап кеткен. Оның жанындағы серігі ауылдастарына айтып, көмекке шақырғанымен өздері таба алмай құтқару қызметі, сүңгуірлер мен полицейлерді тартты. Ел-жұрт боп іздеп жатқанына бүгін 7-ші күн.  

Мейрамхан Кемелханов, Отырар ауданы ТЖБ бастығының міндетін атқарушы: 

- Мұздың қалыңдығы 25-30 см-ге дейін дейін болған. Мұз қалың, Арыстың иірімі дейді. Бұрылған жеріндегі ықтау жерінде мұз қатпай ортада жылы боп, су қатпай қалған. Сол жерге кішкентай баланың түсіп кеткен белгісі бар.

Күндіз-түні іздеп жатқан сүңгуірлерге су ішінің тым түнек болуы да қосымша қиындық тудырып жатыр екен. 5 метрге дейін сүңгіп жатқан мамандар қазір 500 шаршы метр өзен табанын зерттеп шығыпты. Дәл қазір өзен бойында екі техника, 7 сүңгуір мен полиция және өртсөндірушілердің кезекшіліктен тыс қызметкерлері жұмылдырылды. Жалпы, құтқарушылар баланы тірідей табудан үмітін үзген. Сондықтан, олар қазір жеткіншектің тым болмаса мүрдесін ертерек тапсақ дейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары