$ 448.15  483.46  4.86

Абай болыңыз! Америкалық әйел қол кептіргіштен ауру жұқтыратын бактериялар тапқан (ФОТО)

АҚШ-тағы Калифорния штатының тұрғыны Николь Уорд Карлсбад қаласындағы лабороторияда жұмыс істейді. Ол Facebook желісіндегі парақшасында адам шоштыралық суреттермен бөлісті деп мәлімдейді Stan.kz.

Уорд қоғамдық дәретханалардың біріндегі қол кептіретін құрылғыда бактериялардың бар-жоғын тексеріп көрмек болған. Алайда оның ішіндегі бактериялар құжынап жүрген болып шықты. Біз құрылғының көмегімен қолымызды кепітргенде, ауру тудыратын зеңдер мен бактериялар жұғады екен.

Уорд суретте Петри ыдысын көрсетіп, ондағы бактериялардың бірнеше күн ішінде көбейіп кеткенін көрсетті. Мұның алдында ол ыдысты қол кептіретін құрылғының ішіне 3 минутқа салып қойған екен.

«Бұл ауру тудыруы мүкін зеңдер мен бактериялардың бірнеше үлгісі. Сіз қолыңызды кептірген кезде олар теріңізге тасымалданады», – деп жазды әйел Facebook желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ, Николь Уорд бұл жазбасымен ешкімді қорқытқысы келмегенін, тек ауру тудыратын бактериялардың кез-келген жерде кездесуі мүмкін екенін ескерткісі келгенін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары