$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда жас жұбайлар үйлену тойға түскен сыйлықты бөлісе алмай, ертесіне ажырасып кеткен

Алматылық АХАЖ-да еліміздегі ең қысқа неке туралы айтып берді. Түркісіб аудандық бөлімінің басшысы Жанна Дүйсебаеваның сөзінше, ерлі-зайыптылар некеде небәрі бір-ақ күн болып, ертесіне ажырасып кетіпті деп жазады Tengrinews.kz.

"Мен бір керемет үйлену тойында болғаным әлі естен кетпейді. Бұл оқиға бірнеше жыл бұрын болған еді. Тойға шамамен мыңға жуық қонақ келді. Той иелері қалталы алматылық отбасылардың бірі болатын. Бірақ, тойдың ертесіне ерлі-зайыптылар келіп, ажырасуға арыз тастады. Тойға түскен сыйлықты бөлісе алмай қалыпты", - деп еске алды Дүйсебаева.

Ол сондай-ақ, әйелі бар ер азаматтардың тоқал алатындары жайында да сөз қозғады.

"Еркектер әйелдерінен тығылып келіп, тоқалдарымен некелерін қиюға өтініш береді. Көбісі дін жолында жүрген белгілі адамдар. Бірақ, біз некені қимастан бұрын олардың әйелі бар-жоғын тексереміз ғой, әйелдері бар екені анықталған соң өтініштерін кері қайтарамыз. Кейбіреулері әйелім жоқ деп өтірік айтады. Бірақ, заң бойынша екі адаммен некелесуге болмайды", - дейді Жанна Дүйсебаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары