$ 491.7  531.28  5.07

Оралдағы жаңа алаңға Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру ұсынылды

Ономастикалық комиссия Орал қаласындағы жаңа алаңға ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынды. Бұл туралы "Мой Город" порталы жазды.

Алаң алтыншы және жетінші шағынаудандарының арасында орналасқан. Комиссияның отырысы 12 қаңтар күні №2 мектептің ғимаратында өтіпті. Онда аталған ұсынысты комиссия мүшелерінің бәрі бір ауыздан қолдай кеткен. Ал, қала әкімдігінің өкілдері болса шешімнің заңды күшіне енбегенін айтып отыр. 

Еске салайық, былтыр жыл соңында Алматыдағы Фурманов көшесіне де Назарбаевтың есімі берілген болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары