$ 498.34  519.72  4.85

Бойжеткен жігіті үшін анасынан бас тартты (ВИДЕО)

Сүйген жігіті үшін бойжеткен анасынан бас тартқан. Бұл туралы Алматы телеарнасы мәлімдеді.

Дариғаш  әке-шешесінен Нұрисламмен қарым-қатынасын  жасыруға тура келгеніне қатты қынжылатын. Ары қарай не істейтіндері жайлы жігітімен сөйлеспек болады. Дариғаштың өнер жолында жүргені, жігітіне ұнамайтын. Бір күні ол Дариғашқа бұл ісімен айналыспайсың деп бұйырды. Нұрисламға әншілік мақсатты қумаймын деп Дариғаш сөз бергенімен, бірақта қыз сахнаны тастағысы келмеді. Өнер жолында жүріп атаққа ие болғанымен, атақ тұрақты емес екенін түсінетін. Сондықтан, оқу жайлы анасымен сөйлеспек болады. Алайда, анасы қызының бұл ұсынысына қарсылық білдіреді.

Дариғаш түнімен жылап шығады, шешесімен бірінші рет сөзге келіп қалған болатын. Ойлана келе анасына білдіртпей медициналық институтқа түсуге өзі бел буып, дайындалуға шешім қабылдайды.  Арада бір ай өтеді. Дариғаш дайындық курсын тауып оқуға түсуге бар ынтасымен анасынан жасырын дайындала бастайды. Сахнаға өнер көрсетуге шақырған ұсыныстардан бас тартады. Бұдан Бибігүлдің хабары болмады. Дариғаш бөлмесінен шықпай оқуға дайындалады. Бірде Дариғашқа ән сабағынан білім берген бұрынғы ұстазы қоңырау шалады. Мұғалімі сахнаға шығып ән орындап бер, мені құтқармасаң болмайды, ән айтатын қыз ауырып қалыпты деп Дариғаштан сұрайды. Нұрисламға сахнаға шықпаймын деп уәде бергеніне қарамастан өнерін көрсетіп, концерттен кеш оралған Дариғаш аулада тұрған таныс көлікті байқап қалады. Ол Нұрислам еді. Дариғашқа қатты сөздер айтып, Нұрислам екеуі ұрсып қалады. Дариғаш қателік істегенін түсінді. Жігіті бірнеше күн хабарласпай қояды, бір күні Нұрислам қоңырау шалып сөйлескісі келетінін айтты. Нұрислам Дариғашты кешіріп екі ғашық татуласады. Бір аптадан кейін Нұрислам сүйіктісіне ұсыныс жасайды. 

Дариғаш анасымен сөйлесуге бата алмай бірнеше күн ойланып жүреді. Ұзаққа созбай шешесіне жаңалығын айтуға бел байлайды. Бірақ, Бибігүлдің қызына айтары бар еді. Анасы қызына беделді қызметте істейтін ауқатты отбасының ұлына тұрмысқа беруге келісіп қойғанын айтады. Алайда Дариғаш оған қарсы болады. Дариғаш шешесіне сүйетін жігіті бар екенін, оның ұсыныс жасағанын айтқанда, Бибігүл қызын аямай шапалақпен салып жібереді.

Дариғаш ешқашан бұлай күйзелмейтін, апта бойы бөлмесінен шықпай, Нұрисламның қоңырауларына да жауап бермей қояды. Оған не айтарын да білмейді. Бір күні сүйіктісінен бірнеше минутқа кездесуге шығуына хабарлама алады. Көз жасын көл қылып Нұрисламға болған жағдайдың бәрін айтып береді. Нұрислам мен Дариғаш сөйлесіп мәселені шешудің жолын  таба алмайды. Келесі күні Нұрислам Дариғаштың анасымен сөйлесу үшін ауласында күтіп тұрады. Біркезде Бибігүл үйден шығады.

Нұрислам сүйіктісінің анасымен әңгіменің басы-қасын ашпақ болғанымен, онысынан түкте шықпайды. Бибігүл мына жігіт менімен сөйлесуга қалай ғана дәті барды деп әбден ашу-ызаға булығады. Бибігүл қызының телефонын тартып алып, басқан-тұрғанын аңди бастайды. Нұрислам күнде сүйіктісінің үйіне келіп ауласында отыратын болды. Екеуі жолыға алмайды, тек үш аптадан кейін ғана Дариғашпен жеке жолығуға мүмкіндік туады. 

Арада бір жыл өтсе де Дариғаш өз-өзіне келе алмайды. Жан күйзелісіне ұшырап ешқайда шықпай қояды. Емтиханға дайындалуды да қойды, ән айтуға қызығушылығы да жоғалды. Қанша уақыт өтсе де Нұрисламды ұмыта алмайды. Бір күні Бибігүл қызына келіп «Арманның отбасы келеді, тойға ақылдасамыз» деп еді, Дариғаш шешесіне айқайлап көшеге жүгіріп кетеді. Сонымен, Дариғаш Нұрисламға бір жола кетіп қалады. Біраз уақыт өткен соң екеуі отбасын құрып, болашақ ата-ана болатындарын біледі. Нұрисламның әке-шешесі Дариғашпен танысқаннан кейін ұлын кешіріп, Дариғашты келін ретінде қабылдайды. Дариғаштың ата-анасы қызына ренжіп мүлдем араласпай қояды.

Бір күні Нұрисламмен Дариғаш саябақта серуендеп жүргендерінде Бибігүлмен жолығысып қалады. Сонымен қызы мен анасы екеуі қауышып, бір-бірін кешіріп татуласып, барлығы бақытты өмір сүреді.

Дереккөз: Qasym.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары