$ 448.15  483.46  4.86

«Рухани жаңғыру» аясында түсірілетін фильм актрисасының эротикалық суреттері Интернетте толып жүр (+18)

Апта басында Шығыс Қазақстан облысына АҚШ-тан Голливудтың танымал төрт жұлдызы келген болатын. Танымал болғанда да, тоқсаныншы жылдары танымал болған деп айтқан дұрыс болар. Олар «Рухани жаңғыру» аясында ШҚО туралы түсірілетін деректі фильмде басты рольдерді сомдамақ.

Айтқымыз келгені, сол төртеудің бірі - ұлты қытай, өзі америкалық актриса Бай Лин. Жұрт оны комедия және боевик жанрындағы фильмдер арқылы тануы мүмкін. Дегенмен, Лин түскен эротикалық эпизодтар да жетіп артылады. Сондай-ақ, оның эротикалық фотоссесияларын да Интернеттен оңай табуға болады.

Лин жас кезінде әлемдегі ең сұлу актрисалардың көшін де бастаған. Бірақ, ол кезде Голливуд жұлдызы жас еді, ал қазір 52-ге таяған. Яғни, ол енді эротикалық фото-видео сессияларға жарай қоймайды. Сондықтан, Қазақстанға келіп, «Рухани жаңғыру» аясында түсірілетін деректі фильмде басты рольді сомдап, қазақтардың санасын жаңғыртуға атсалысатын болады.

Еске салайық, Бай Лин мен оның өзге әріптестерін облыс әкімі Даниял Ахметов жеке қабылдап, алда болатын түсірілім жұмыстарына сәттілік тілеген болатын. Артынша жергілікті билік өкілдері америкалық қонақтарды мешітке апарып, имам-молдалардың жұмысымен таныстырды.

Қазақ бәсекелестікті жақсы көретін халық қой. Енді Даниял Ахметовтен асып түсемін деп, өзге бір облыстың әкімі Қазақстанға қартайып қалған порножұлдыздарды шақырмаса болғаны.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары