Петропавлдағы аулалардың бірінен адамның бөлшектелген мәйіті табылды, деп жазады Sputnik Қазақстанға Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.
69 жастағы ер адамның дене бөлшектері 18 ақпан күні табылды.
"Полиция қызметкерлері қылмысты жасады деген күдікпен марқұмның 1962 жылы туған көңілдесін ұстады, олар бірге тұрған. Қылмыстық істі тергеу аясында қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша оқиғаның себебі мен барлық мән-жайы анықталады", — деп хабарлады ішкі істер департаменті.
ҚР ҚК 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.