Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика комитеті мәлімдеді деп жазады Aktobenews.kz.
Жыл басынан бері Ақтөбе қаласында 7 зорлау дерегі тіркелген. Соның біреуі «Зорлау» бабының 4-ші бөлімі деп көрсетілген. Баптың бұл бөлімінде 14 жасқа толмаған балаға қатысты зорлау әрекеттері қарастырылады.
Кәмелет жасқа толмаған баланы қаланың ескі бөлігіндегі жеке үйлердің бірінде зорлаған.
Еске сала кетейік, жуырда Ақтөбеде жас қызды қорлап өлтірмек болған 36 жастағы тұрғын 10 жылға сотталды.