$ 494.87  520.65  4.91

Атырау облысы әкімдігі шағын ғана ғимаратты жаңартуға 6 млрд теңге бөлген

6 миллиард 320 миллион теңге! Атыраулық атқамінерлер облыстық әкімдік жанындағы қосымша ғимаратты жаңарту үшін осындай қаражат бөліп отыр. Ал 2001 жылы тұрғызылып, осы уақытқа дейін әп-әдемі болып тұрған 3 қабатты ғимараттың бүгінгі қалпының кімге ұнамай қалғаны белгісіз деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Шенеуніктердің айтуынша, облыстық әкімдік жанынан салынған нысан қазір апатты жағдайда көрінеді. Яғни құрылысы басталған кезде-ақ қателіктер жіберілген. Енді уақыт өте келе, сыр беріп, қабырғалары жарыла бастапты.

3 қабатты ғимарат 2001 жылы салынған. Мамандар техникалық сараптама жасатып, оның пайдалануға мүлде жарамсыз екенін айтқан. Ал, қазір қауіпті деп танылған соң, көпшілік шараларды өткізуге де тыйым салыныпты. Енді бос тұрған соң оны мүлдем сүріп тастап, орнына 6 қабатты жаңа ғимарат салынбақ.

Мәлік Аманов, Атырау облыстық құрылыс басқармасының басшысы

- Бұл бәрібір уақыттың еншісінде. Бұзу керек, бұлай тұра бермейді. Құласа кім жауап береді?

Аймақтағы мұнай өндіріп жатқан алпауыт компаниялардың қаражаты тек қана әлеуметтік нысандар салуға жұмсалады. Сондықтан, құрылысқа қажетті миллиардтаған қаржы жергілікті қазынадан бөлінгелі тұр екен. Құрылыс жұмыстары биыл басталып, екі жыл бойы жүргізілмек. Сондай-ақ бұл қаржыға облыстық әкімдіктің 8 қабатты негізгі ғимараты да күрделі жөндеуден өтіп, айналасы көгалдандырылады екен. Өйткені, 1977 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген нысанның жылу, электр жүйелері жи істен шығып, жұмысқа кедергі келтіріп отыр екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары