$ 498.34  519.72  4.85

Шымкент әкімі суицид жасаған оқушының директорын жұмыстан қуамын деп «қорқытты»

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсаудың 9 оқиғасы тіркелген. Оның 4-еуі Шымкентте орын алған деп жазады Жас алаш басылымы.

Жуырда облыс орталығында асылып қайтыс болған 11 сынып оқушысының өлімалды хаты табылған болатын. Онда ол мектепте әлімжеттік жасауға қатысы бар деген бірқатар оқушылардың аты-жөндерін жазып қалдырған көрінеді. Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев қоғамдық кеңестің отырысында оқушылар арасындағы осы суицид оқиғаларына қатысты пікірін білдірді.

— Соңғы екі факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Үлкендердің кішілерге әлімжеттік жасап жүргенін арнайы инспектор, мұғалімдер, директордың білмеуі мүмкін емес, - деді шаһар басшысы.

Н.Сауранбаев алдағы уақытта оқушының суцидке баруы жоғары сынып оқушыларының кішілірге әлімжеттік көрсетуімен, ақша жинауы сияқты жәйттармен байланысты болса, онда мектеп директорының қызметімен хош айтысатынын мәлім етті.

- Қазір екі жағдай бойынша мектеп басшыларына ескерту бердік. Келесі жолы бірден қызметінен босатылады, - деді Нұрлан Сауранбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары