$ 494.87  520.65  4.91

Дұға қылшы аналар ақжаулықты: Сал ауруымен ауыратын қыздың өлеңі көпті жылатты (ВИДЕО)

ОҚО Орбадасы ауданының тумасы Назерке 5 жасында аяқ асты сал ауруына шалдыққан. Ол Қазақстан арнасының «Қарекет» бағдарламасына келіп, өз тағдыры туралы өлең оқып, көпшілікті жылатты.

Назерке 5 жасында сал ауруына шалдыққан. Дәрігерлердің сөзінше, қыздың жұлынына инфекция түскен. Оның екі аяғы беліне дейін жұмыс істемей қалғаны да осы себепті көрінеді.

Назерке сал болып қалғанына қарамастан тігіншілікпен, тоқыма өнерімен айналысады екен. Сондай-ақ, болашақта дәрігер болуы армандайды.

Эфир барысында 12 жасар қыз өз тағдыры туралы өлең оқып берді. Назеркенің өлеңін естіген көрермендер еркісіз көзіне жас алды.

«Әр таңды атырамын үмітпенен,

Бәрі жақсы болады деп үміттенем.

Өмірдің ағымымен жүзіп келем,

Тағдырдың сынағы деп көніп келем.

Бұл бізге берілген сынақ шығар,

Түңіліп қапа болсам, сағым сынар.

Сұраймын бір Аладан денсаулықты,

Дұға қылшы аналар ақжаулықты.

Бұл өмір аямайды әлсіздерді,

Сол үшін болуы керек талпынысты.

Жанымдағы аяулы анам менің,

Әлпештеп аялайтын панам менің.

Әрқашан алған қарай жетелейтін,

Аман болшы, мықты болшы, анам менің.

Күш алып шабыттанам бұл өмірден

Арман еттім келуге осында мен.

Мен үшін қолын созған әрбір жанға,

Бас иіп, алғыс айтам шын жүректен», – деп өлең оқыды Назерке.

Назеркенің бойындағы дерт сирек кездесетін болып шықты. Десе де еліміздің білікті дәрігерлері оған көмек беруге уәде етті.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары