$ 445.66  474.58  4.78

Атыраудағы өрттен қаза тапқан жұмысшылардың бәрі ОҚО тумалары болған

Бүгін Атыраудағы жұмысшылар жатақханасында болған өрттен қаза тапқандардың кім екендері анықталды. Қайтыс болған 6 жұмысшы мен жараланған 4 жұмысшы да Оңтүстік Қазақстан облысының тумалары деп хабарлайды Атырау облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Жараланғандар:

1. Байшығыров Ұлан Амангелдіұлы, электр-дәнекерлеуші;
2. Қалмұрзаев Нұржан Ерқалиұлы, электро-газ дәнекерлеуші;
3. Айымбетов Ринат Шәймерденұлы, электр-дәнекерлеуші;
4. Жарқынбеков Қанат Тиыштықбекұлы, дәнекерлеуші.

Қайтыс болғандар:

1. Жұмабеков Самат Бақытбекұлы, слесарь-құрастырушы;
2. Жұрымбетов Ерлан Әуезханұлы, слесарь-құрастырушы;
3. Демеуов Ерген Қалқұлұлы, слесарь-құрастырушы;
4. Шыңғысбаев Мақсат Асқамбекұлыслесарь-құрастырушы;
5. Кенжебаев Самат Асқарұлы, слесарь-құрастырушы;
6. Молдабеков Ералы Нұралыұлы, электро-газ дәнекерлеуші;

"Өрт бүгін таңғы уақытта болған. Бұл кезде жатақханада түнгі ауысымның 20 шақты жұмысшысы демалып жатқан болатын. Олардың төртеуі түрлі дәрежедегі күйікпен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді", - делінген ТЖД таратқан хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары