Қарағандыда дәрігерлер сүтке күйіп қалған баланы құтқарып қалды, деп жазады «ҚазАқпарат» Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2 ай бұрын облыстық балалар клиникалық ауруханасына ауыр халдегі бала түскен еді. Оның денесінің 65%-ын күйік шалған», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Ведомствоның баспасөз хатшысы Айжан Исаның айтуынша, бүлдіршін қайнап тұрған сүтке күйіп қалған.
«Анасының айтуынша, баланың үстіне ыстық сүт құйылып кеткен. Соның салдарынан баланың арқасын, қолын, тізесін күйік шалған. Мұндай жағдайда баланың тірі қалуы өте қиын», - деді ол. Айжан Исаның сөзінше, жалпы 10 рет ота жасалған.
«Баланың өмірін сақтап қалды, ол үйіне қайтарылды, бірақ оған пластикалық ота жасау керек», - деп түйіндеді ол.