ҚазАқпарат - Алматыда Toyota Camry көлігі әл-Фараби даңғылының бойында екі жаяу жүргіншіні басып кетті, олардың бірі оқиға орнында көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.
Оқиға әл-Фараби даңғылының бойында наурыздың 8-нен 9-на қараған түні болды.
Куәгерлердің сөзінше, Маркова көшесімен қиылыста ер адам мен 2 әйел азамат жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған. Жаяу жүргіншілердің бірі жолдан аман өтіп үлгерген, қалған екеуін Toyota Camry 55 көлігі қағып кетті. Оқиғаның салдарынан ер адам ауруханаға түсіп, әйел адам алған жарақатынан сол жерде көз жұмды.