Кеше Астанада "Керуен" сауда және ойын-сауық орталығының көлік тұрағында Volkswagen Multiven түгі қалмай өртеніп кетті. Бұл туралы Қазақстан ІІМ төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді.
Оның мәліметіне сүйенсек, өрт салдарын жою үшін он адам мен екі техника жұмылдырылған.
Өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Себебі анықталып жатыр.
Дереккөз: Sputnik Қазақстан