Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева Оңтүстік Қазақстан облысындағы жеті жастағы баланың зорлық көруіне қатысты пікір білдірді.
Омбудсмен баланың әжесі осыған ұқсас арызды 2016 жылы да жазғанын мәлімдеді.
«Әжесінің аталған дерек бойынша, 2016 жылы арыз түсіргенін анықтадым, сондықтан 2016 жылдың материалдарын қайта қарастыруды сұрадым, сол кезде не үшін бұған назар салынбаған?
Мен ішкі істер басқармасы басшылығымен жеке сөйлестім. Менің өтінішім бойынша ол әжесі мен немересін жеке қабылдайтын болды. Мен ол жаққа барлық қатысушымен кездесетін тексеріс тобын жібердім», – деді Зағипа Балиева.
Ол мән-жайды жан-жақты анықтау үшін кешенді сараптама тағайындалғанын айтты. Сараптама Астанада жүргізіледі. Нәтижесіне байланысты шара да қолданылатын болады.
«Егер қоғам сараптаманың шын-өтірігі жайлы сұрақ қоятын болса, мен кешенді сараптаманы Астанада өткізу жайлы шешім қабылдадым. Әжесі мен немересі келесі аптада осында келеді. Осы сараптама қорытындысынан соң ғана шара қолданылады. Бәрін заңға сүйеніп жасау керек.
Егер сараптама зорлық болғанын растаса, мен ІІД мен ҚР Бас прокуратурасына қоғамды адастырған барлық лауазымды тұлғаны жауапкершілікке тарту туралы хабарлама жіберемін.
Егер сараптама зорлық болғанын дәлелдемесе, онда басқа шара қолданамыз», – деді Балиева.
Ол сараптаманы жеке бақылауына алатынын мәлімдеді.
Естеріңізге салайық, ОҚО, Абай ауылының тұрғыны жеті жастағы немересінің бірнеше ай бойы зорланып келгенін айтып, дабыл қаққан болатын. Баланың туысқандары құқық қорғау органдарының әрекетсіз отырғанын айтты.
Дереккөз: Today.kz