$ 449.58  486.94  4.86

Зорланды делінген баланың әжесінің түрін көрсеткен журналистерді соттау керек – белгілі журналист

Белгілі журналист Серік Әбікен ОҚО-да зорланды делінген баланың әжесін бұқараға көрсетіп, сұхбат жүргізген журналистерді жазалауды сұрады. Бұл туралы ол өзінің facebook-парақшасына жазған.

«Отбасын масқаралап, әжесінің жүзін жасырмай сұхбат жариялаған ақпарат құралдарын баланың қорғаушылары анықтап, бәрін сотқа беруі керек деп ойлаймын. Миллиондап моральдық шығын талап етуі керек. Өйткені, енді қайда барса да әжесін ел танып, немересін келемеждейтін болады. Сенсация іздегендердің жасаған "жақсылығы" осы. Адамды қорлағандарын түсінуге миы жетпейтіндерді журналист деп мүсіркеудің қажеті жоқ!», – деді журналист желідегі жазбасында.

Еске салайық, ОҚО Сарыағаш ауданы Абай ауылында 7 жасар немересінің бір емес бірнеше рет зорланғаны туралы шағым айтқан әже туралы мақала осыдан бір апта бұрын жарияланған болатын. Жергілікті газетте жарияланған мақалада айтылғандай, 1-сынып оқушысын көрші мектептің 7-8 сыныбында оқитын бірнеше бала өткен жылдың тамыз айынан бері зорлап келген көрінеді. Мұны әжесіне баланың өзі айтып келген. Алайда, зейнеткердің сөзінше, оның арызын не жергілікті полиция, не мектептің директоры қабылдамаған екен.
Кейін осы жайтқа қатысты тележурналистер де жарыса репортаж жасады. Олар әжесінің түрін жасырмай, одан ашық сұхбат алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары