Бейнеролик Instagram әлеуметтік желісіндегі kipitkom парақшасында жарияланған. Оқиғаның Ресей қалаларының бірінде болғаны анық.
Видеода Юсуф есімді жігіттің достарымен бірге трансвеститті ұрғаны анық көрсетілген. Жастар оның басына киіп алған жасанды шашын жұлып, жерге лақтырып жібереді. Ал, оларға қарсылық көрсетпек болғанда өзі соққыға жығылды. Мұнан кейін "қызтеке" еркек ғиимарат ішіне кіріп көзден ғайып болады.
Жастардың бұл қылығын әлеуметтік желі қолданушылары түрлі талқылап жатыр. Бір тарап «әр адамның өз таңдауы бар» деп жігіттерді айыптаса, енді бірі гомосексуалдарды жазалау дұрыс деп жазады.
Осы ретте айта кетейік, Қазақстанда да трансвеститтер жиі видеокамера объективіне ілініп жатады. Қызша киініп, жезөкшелікпен айналысатын "қызтекелердің" тәртіп сақшыларының сұрақтарына жауап беріп жатқан сәті түсірілген видеороликтер әлеуметтік желілерде көптеп кездеседі.