$ 491.7  531.28  5.07

Дәмді Наурыз көжені қалай дайындайтынын білесіз бе?

Көже – біздің ұлттық тағамымыз. Ол келер жылғы молшылық, берекенің белгісі ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленеді. Көбіне жеті түрлі дәм қосылуына Түркі халықтарының ұғымында жеті санының қасиетті саналуы себеп. Оған қоса, ол — тоқшылық пен ырыс құттың жоралғысы. Төменде наурыз көженің даярлану үлгісін ұсынып отырмыз.

Наурыз көженің құрамы:

 0,5 кг жылқы еті, 2,5лит су, 100 грамм бидай, 100 грамм күріш, 100 грамм жарма, 100г тары, тұз, айран-1 стақан.

Наурыз көжені дайындау әдісі:

Етті жуып, қазанға суға саламыз. Су бір қайнағанда көбігін алып, тұздаймыз. Ет піскенше отын басып қоямыз. Күріш, бидай, жарма тарыны қосып, пісіреміз. Барлығы піскен соң айранды құйып жақсылап араластырамыз.

Айта кетейік, наурыз көже тек бір әдіспен әзірленбейді. Әр өлкеде әр түрлі даярланады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары