$ 494.87  520.65  4.91

Ашаршылық па, түк көремегендік пе? Қазақстандықтар Наурызда тамаққа таласып, төбелесе жаздады (ВИДЕО)

«Қазақстан дамып жатыр, біз дамыған 50 елдің қатарына қосылдық, ел экономикасы аяққа тұрды, халықтың жағдайы түзелді, Қазақстанды әлем таныды...» деген сарындағы керемет сөз тіркестерін отандық телеарналар мен мемлекеттік БАҚ беттерінен күніге тыңдап, күніге оқимыз. Қуанамыз. Өйткені, біз де осы елдің бір бөлшегіміз. Алайда, сөз бен істің көп жағдайда сәйкесе бермейтініне соңғы уақытта жиі көз жете бастады. Оған әсіресе әлеуметтік желі қолданушыларының саны артқаны да себеп болып отыр. Өйткені, дәл осы желілер арқылы халықтың шынайы жағдайын, мемлекеттің деңгейін көріп жүрміз.

Осы халықтың жағдайы демекші, күні кеше Instagram әлеуметтік желісі арқылы Алматы базарларының бірінде түсірілген жағаұстатарлық видеоролик тарады. Онда адамдар Наурыз мерекесіне орай жайылған дастарханға таласып, санаулы минуттар ішінде үстелдің үстін жылан жалағандай еткен. Тіпті, бірінің қолындағысын екіншісі тартып алып, жаға жыртысуға дейін барды. Құдды бір ашаршылықтың көрінісіндей.

Видеоның нақты қай базарда түсірілгені белгісіз. Желі қолданушыларының көбі оны Алматыдағы "Барахолка" базарларының бірі екенін танып отыр.

Сонда бұл не? Елде ашаршылық басталды ма, әлде халықтың деңгейі осы ма? Ашаршылықтан Құдай сақтасын әрине, бірақ бұған түк көремегендік деуден басқа теңеу сөз таппай отырмыз. Әйтпесе, тамаққа таласатындай не көрініпті?!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары