Аустралиядағы Тевантин елді-мекенінің тұрғындары жыланды тірідей жеп қойған кукабараны видеоға түсіріп алған деп жазады ABC News басылымы.
Уильям Уотсонның айтуынша, оның үйінің ауласынан біртүрлі дыбыстар шыққан. Мұнан кейін ол дуалда жыланды тірідей жеп отырған құсты көріпті. Кукабара жыланды небары 10 минутта жеп қойған.
Үй иесі өз ауласынан кукабараларды жиі көретінін айтты. Алайда мұндай жағдайға алғаш рет куә болыпты.
«Мұндайды күнде көре алмайсың», – дейді ол.
Айта кетсек, кукабаралар Аустралия және Жаңа Гвинеяда мекендейді. Бұл құстар жәндіктер, кеміргіштер, кесірткелермен және жыландармен қоректенеді.
Дереккөз: Stan.kz