$ 494.87  520.65  4.91

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы балаларды педофилден қорғаудың жолдарын айтты

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы ОҚО-да зорланды делінген балаға қатысты instagram парақшасына өз ойын жазды. Ол сондай-ақ, балалардың зорлық-зомбылықтан сақтаудың жолдарымен бөлісті.

«Бізде ғана солай шығар, түк бітірмесе де бірнәрсе істеп жүргеннің аяғынан шалады. Ұялмай, беті бүлк етпей, қысылмай, "мен, мен болғанда" деп, ілік іздеп, қаралауға дайын тұрады... ОҚО-да болған жағдай туралы өз ойын жазбаған адам аз шығар. Жанды жерімізден ұстады. Ұл-қыз өсіріп отырған әр ананың жүрегі езілді, әр әке ішінен боқтады. Сұрақ өте көп, уақыт өте бәріне жауап алармыз. Сәл сабыр... Түйгенім, мейлі сіз бай болыңыз, кедей болыңыз, орыс болыңыз, қазақ болыңыз, бірақ біз қорғансыз екенбіз... Құдайды бұл әңгімеге араластырмайық. Ата-аналар:

1. Балаңыз көзіңізге тіке қарап, ішіндегісін айта алу керек. Не болса да, реніш қуаныш т.с.с. Бала сізге сену керек.
2. Балаңыздан ауытқуы бар көкелердің болатынын жасырмаңыз. Қалай айту керек екенін психолог мамандардан гөрі өзіңіз балаңызды жақсы білесіз ғой, дұрыс жеткізесіз.
3. Надпочечниктердің белсенді болатын кезеңінде бала өзімен өзі қалып қоймауы тиіс.(3-5 жас, өтпелі кезең) Спортқа, үйірмеге, т.с.с. барғаны абзал.
4. Бастысы, қорқыта бермеңіз, мынау болса мынадай болады, былай істесең солай аяқталады деп соңы жаман сценарийді айта бермеңіз», - дейді тележүргізуші.

Ол сондай-ақ, қоғам белсендісі Аружан Сайынның еңбегін қаралаушылардың бар екенін айтып, бұл тақырыпты тікелей эфирде талқылайтынын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары