$ 494.87  520.65  4.91

Адайдан қыз алған қызылордалық тұрғын тойда құдасына сүйек беремін деп ренжітіп алды

Салтты білмеудің соңы құдалардың ренішімен аяқталды. Қызылордада бас құдаға еттің дұрыс тартылмауы салдарынан үйленіп жатқан қыз бен жігіт ажырасып кетуге шақ қалды деп жазады Nur.kz.

«Менің кіші інім Адай руының қызын алды. Олардың мінезінің қызбалау болып келетіні бәріне белгілі. Бірақ бауырымыздың бақыты үшін шыдауға тура келді. Қыз жақ қалыңмалды көп сұрады, оған да үнсіз келістік. Үлкен той жасадық. Біздің қонақжайлығымызға құдалар да мәз еді», - деген Арман есімді қызылордалық тұрғын даудың неден шыққанын айтып берді.

«Біз құдаларға бірінші қуырдақ бердік, артынан ет тарттық. Біз жақтың жас жігіттері табақтағы еттен кесе бастаған. Сөйтіп, біреуі құдаға сүйек ұстата салған екен. Бірақ, сүйек бергеніне құда ашуланып, орнынан тұрып айғайлай бастады. Сөйтсек, адайлар сүйек мүжімейді екен. Біз мұндай салттың барын білмеген едік. Құданың пікірінше, бұл оны менсінбеушіліктің белгісі екен. Біз енді бұл құдалықты біз ешқашан ұмытпаймыз. Болашақта үлкен сабақ болды», - дейді тойда болған жағдайды түсіндірген ол.

Өкпелеп қалған құданы барлығы сабырға шақырыпты. Бірақ оңайлықпен көне қоймаған құда қызын тойдан алып кетуге аз қалған. Қызы жылап, күйеубала болса есінен танып қала жаздаған. Соңында асабаның араласуынан кейін ғана ашуланған құда жөнге келіпті. Сөйтіп, той қайтадан ары қарай жалғасын тапқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары