$ 448.89  477.93  4.76

Болат Назарбаев тойда жас жұбайларға бата беріп, автокөлік сыйлады (ВИДЕО)

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев үйлену тойына қатысып, жас жұбайларға батамен бірге автокөліктің кілтін де берді. Аталған сәт түсірілген видеоролик Instagram әлеуметтік желісіндегі 100baksoff_ парақшасына жүктелген.

Той дәулетті азаматтың отбасында болып жатқаны жайылған дастархан мен келген қонақтардан анық білініп тұр. Болат Назарбаевтан өзге мейрамханада құрметті қонақтар көп, араларында Мақпал Жүнісова мен Нұрлан Абдулин де бар.

Асаба алдымен Болат Назарбаевтың мақтауын әбден келтіріп, артынша бата беруін сұрайды. Ақ тілегін айтып болған соң Елбасының інісі "достардың атынан" деп үйленіп жатқан жігітке автокөліктің кілтін сыйлады.

Аталған тойдың қашан және қай қалада болғаны белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары