$ 494.87  520.65  4.91

Шымкенттегі 2 жыл бұрын салынған су жаңа үйлер қирай бастады (ВИДЕО)

Шымкенттегі жаңа шағынауданда осыдан екі жыл бұрын пайдалануға берілген көпқабатты үйлердің қабырғаларының сылақтары түсіп қалған. Құдды бір соғыстан кейінгі көріністей деп жазады Otyrar.kz.

Алыстан менмұндалайтын биік үйлер 2016 жылы пайдалануға берілген болатын. Сол кезде ондаған отбасы баспаналы болып қуанған. Бірақ, арада жыл өтпей жатып-ақ, құрылыстың сапасыз жүргізілгені белгі бере бастады. Пәтерлердің ішкі жүйесіндегі кемшілікті айтпағанда, тұрғындар үйлерінің қасбетіне қарауға өзге түгілі, өздері ұялады. Тіпті, үйдің жанынан өткенде қабырғадан ажыраған сылақтар құлап түсе ме деп қорқатынын жасырмайды.

«Біз мұнда 2017 жылы көшіп келдік. Пәтерімізді әупірімдеп жөндеп алдық. Ал көпқабатты үйіміздің ауласында бала ойнатуға қорқамыз. Жел тұрса қабырғалардан балшық құлайды», - дейді «Нұрсат» шағынауданындағы осынау үйдің тұрғыны.

Шымкентте соңғы жылдары жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының сапасына депутаттар да алаңдаулы. Олардың айтуларынша, құрылыс жүргізген компаниялардың кепілдік мерзімдеріне бірқатар өзгерістер енгізу қажет. Себебі, мердігерлер 3-5 жылға берілген кепілдік мерзім ішінде тек кемшілікті жоюмен жүреді, ал мерзімі біткен соң сапасыз құрылысқа бюджеттен қаражатты қайта бөлуге тура келеді. Сол үшін жаңа нысанда бір рет жөндеу жүргізілсе, компанияның кепілдік мерзімі автоматты түрде және бес жылға созылуы тиіс болады.

Бұл ұсынысты құрылысқа тапсырыс берушілер де қолдап отыр. Бірақ бәрін заң жүзінде бекіту керек. Ал Әкімшілік іскерлік орталығындағы сылағы түскен үйлердің жағдайы бойынша мердігер компанияның құжаттары сотқа тапсырылып, әкімшілік шара көріліпті. Бүгінде құрылысқа пайдаланылған материалдардың сапасын тексеру басталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары