$ 494.87  520.65  4.91

Біздікі 1 минут: 21 жастағы келіншек күйеуіне қанағаттанбайтынын айтты

Кезінде аналарымыз қыздарын «отбасылық мәселелерді сыртқа шығаруға болмайды» деп тыйып отырушы еді. Қазіргінің қыздары ақпақұлақ па, әлде әке-шешелері саналарына жеткізіп айта алмаған ба, күйеуі екеуінің арасындағы сырға дейін жұртқа жайып салып, дым болмағандай отыра береді. Осындай бір келіншектің хаты желіде шарлап жүр. Айтуынша, күйеуінің төсектегі әрекеті оны қанағаттандырмайды екен.

«Менің жасым – 21-де. Пәк болып ұзатылдым. Күйеуім алдын қыздармен 1 пәтерде тұрып көрген екен. Не үшін жүрмей қалғанын әр түрлі қылып, өтірік айтады. Мендегі мәселе – төсек қатынасы. Күйеуім екеуміздің арамызда бір қызымыз бар. Күйеуім төсекте әлсіз. Үйленгенімізге 3 жыл болды. «Төсек қатынасы 30 минут» деп жазып жатқандар бар. Бізде 1 минут. Айына 2 рет қосыламыз. Онда да өзім жабысамын. Күйеуім осы күнге дейін дәрі ішіп болып жүріпті. Арасында ғана өздігінен болған. Тастап кетсем бе екен ажырасып? Жасы үлкен тәтелерден көмек сұрағым келеді. Не істейін?», – деп жазды хат иесі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары