Танымал актер, «Бауыржан-шоу» театрының жұлдызы болған Алмат Сағатов Сейфуллин көшесінде тұратын бойжеткендердің білімін тексермек болып сұрақ қойған. Ал қыздар болса өздері күнделікті тұратын көше атының кімге тиесілі екенін білмей жігітті аң-таң қылды.
«Кеше такси боп жұмыс істегем. Сейфуллин көшесінен төмен түсіп келе жатқанда 2 қыз тоқтатты. Әп-әдемі қыздар. «Сейфуллиннің аты кім?» деп сұрасам, «Жолбарыс» дейді. Ай, Құдай-ай», – деп күрсінді актер видеода.
Көпшілік Сағатовты «Сұрақ қоятын адамды таптыңыз ба дедім ғой» деп сөкті. Кейбірі қыздардың қоғам қайраткері, ақын әрі жазушы тұлғаны ең болмағанда мектеп қабырғасында оқымағандарына қайран қалды.