Балалар құқығын қорғаушы Зағипа Балиева кәмелет жасқа толмаған қыздардың желідегі әдепсіз видеосына қатысты пікір білдірді.
Балиева видеоның иесі анықтала салысымен, қыздармен өзі сөйлесіп, балалардың психологиялық жағдайына баға беретінін айтты.
«Қыздардың қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын міндетті түрде қарау керек. Олардың құқығын бұзбай, тәрбиелеу, дұрыс түсіндіру, түзету бойынша шаралар қолданылады. Тәрбие беруде кемшіліктер бар», – дейді Балалар құқығын қорғаушы.
Сонымен қоса, ІІМ желіде шешініп, сүйіскен кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің видеосын тексеретін болды.
Видео желде тарап кетіп, наразылық тудырған еді.
Дереккөз: Tengrinews.kz