30.03.2018, 12:24

Сергей Мавродиді ешкім жерлегісі келмейді

1992 жылы «МММ» қаржы пирамидасын құрып, елді алдап соққан Сергей Мавродидің денесі әлі күнге мәйітханада жатыр. Оның сүйегін алып кетуге ешкім асығар емес.

Марқұмның сүйегі 7 күнге дейін ғана сақтала алады. Одан соң жалпы зиратқа жөнелтіледі. Осы уақыт аралығында ешкім келмесе Сергей Мавроди де мемлекет есебінен жерленбек. 

Тіпті Мавродидің туған бауыры да ағасынан бас тартып, оны ата-анасының жанына жерлеуге тыйым салған.

2007 жылы Мавроди алаяқтық бабы бойынша сотталып, 4 жарым жылға бас бостандығынан айрылды. Бірақ, бұл жазаны тергеу барысында өтеп тастаған соң, ол 2011 жылы «МММ» қаржы пирамидасының жұмысын қайта жандандырды. Алайда, кезекті қаржылық қитұрқылығы жүзеге аспай, сол жылы-ақ құрдымға кеткен болатын.