31.03.2018, 14:21

Байына обал: 24 жастағы жігіт күйеуі бар әйелмен аптасына бір рет пәтер жалдап кездесіп жүргенін айтты

24 жастағы жігіт тұрмыстағы келіншекпен жақын қарым-қатынаста жүргенін ашық айтты. Тіпті, кездесіп жүрген әйел пәтер ақысына дейін күйеуінен алады екен. Instagram-парақшасындағы топтардың бірінде ер азамат барша жігіттерді келіншектеріне қатал болуға шақырды.

"Ер адаммын. Жасым – 24-те. Мен бір жылдан бері тұрмыстағы әйелмен кездесіп жүрмін. Аптасына жоқ дегенде 1 рет боламыз. Пәтер жалдаймыз. Әр кездесуімізге жоқ дегенде 10 мың теңге кетеді. Ақшасын күйеуінен алып төлейді. Қанша рет доғарайық дедім. Келіспейді. Байына обал. Айтайын дегенім, жігітер, қатындарыңа ие болыңдаршы", – деп жазды жігіт.

Желі қолданушылары болса, жаппай авторды кінәлай жөнелді. Айтуларынша, әйелдің отбасы бар екенін біле тұра осындай қадамға барған жігіт күнәнің ең үлкенін жасап отыр.