04.04.2018, 03:11

Шымкентте кәсіпкер азаматты қызымен бірге бауыздап кеткен

Шымкентте 3 сәуір күні Жұманов көшесіндегі үйлердің бірінен 70 жастағы ер азамат пен оның 45 жастағы қызының бірнеше рет пышақталған мәйіттері табылды. Бұл туралы жергілікті TVK телеарнасы хабарлап отыр.

Марқұмдардың денесін үйдің кіші қызы жұмыстан келген кезде тауып алған. Әзірге мұндай жауыздықтың себебі анықталмай отыр. Белгілісі, зейнеттегі ер азамат пен оның қызы кәсіпкерлікпен айналысқан екен. Олардың темекі өнімдерін сататын дүкендері Момышұлы көшесінде орналасқан.

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, күдікті сол күні ұсталыпты. Ол жасалған қылмысты толықтай өз мойнына алған.