$ 494.87  520.65  4.91

Асхат Садырбай: «Сұлулық байқауындағы қыздарды масқаралаудан не ұтамыз?»

Белгілі тележурналист Асхат Садырбай қазақ аруына қатысатын қыздарға интелектуалды сұрақ қойып, масқарасын шығаратындарды сынады. Оның ойынша, елде сұлулық байқауларын өткізуді тоқтатып, жастардың ақыл-парасатын дамытуға арналған жобалар өткізуді қолға алу керек.

Бұл туралы А.Садырбай өзінің Instagram-парақшасына жазды.

«Қыздардың бетінің әдемілігіне арналған сайыстарды өткізіп болсақ енді олардың ақылын, имандылығын, ибалылығын, тәрбиесін, көргені мен түйгенін, ілім-білімін жарыстыратын уақыт жеткен жоқ па? Жыл сайын сұлуларды жылтыратып саxнаға тізіп қоямыз, одан біреуі жеңеді, біреуі жеңіледі. Ол пенделерге кітап туралы сұрақ қойып әбден тентек қылады. Одан қалса түрлі бағдарламаларға шақырып алып мазақ етеді. Сонда бұл не? Кім үшін, не үшін жасалып жатқан нәрсе? Өзіміздің жастарды құртып жатқан өзіміз емес пе? Ол жастардың оқуға ынтасын ашып, қызықтырудың орнына ел алдына шығарып масқара қылу, одан шоу жасап, рейтинг жинау жетістік пе?», - дейді Асхат Садырбай әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, елімізде «Қазақ аруы» және «Мисс Қазақстан» секілді ірі екі байқау өткізіледі. Оның қатысушылары мен жеңімпаздары әдетте қазақ әдебиетіне қатысты қарапайым сұрақтарға жауап бере алмай ұятқа қалып жатады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары