08.04.2018, 10:39

«Мен әлі жаспын»: Баян Алагөзова тек 46 жастан кейін ғана ақыл тоқтатпақшы

Танымал отандық продюсер Баян Алагөзова жасы 45-ке таяса да өзін әлі жап-жас сезінеді. Өзін «қартайғанда өнер шығардың» деп сынайтындарға ол осылай жауап берді.

Продюсерге Instagram қолданушылары «жасыңа сай бол» деп жиі ақыл айтады екен. Баян болса өзінің қылықтары үшін ешкімнің алдында ұялмайтынын ашып айтты.

«Жақында бір психологиялық кітаптың бірінен адамның жастық шағы 45-46-да бітетінін оқыдым. Яғни, 46-дан кейін ғана ақыл тоқтататын кемел жас келеді екен. Сол себептен маған "Баян жасына сай болмайсың ба, ырбыңдамай" деп жазуды қысқартыңыздар. Ақыл тоқтататын жасқа әлі уақыт бар. Мен әлі де жаспын. Сондықтан менімен қатарлас "апалар" берілмеңіздер. Сіздер де өздеріңізді мен секілді жас қыздай ұстаңыздар», - деп жазады Баян Алагөзова өзінің Instagram-парақшасында.

Еске салайық, былтыр Баян мен Тұрсынғали Алагөзовтер заңды некелерін қидырып, отау құрған болатын.